Уәкілдің Жетісу өңірі бойынша өкілі сотталғандардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектесті

Уәкілдің Жетісу өңірі бойынша өкілі сотталғандардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің No71 мекемесіне барды.

Сапар барысында кейбір тұтқындар денсаулықтары мен медициналық көмектің жоқтығына шағымданды.

Сапар қорытындысы негізінде Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасына 3 ұсыныс жолданды.

Қабылданған шаралардың арқасында басқарма дәрігерлері сотталғандарға кеңес беріп, оларды медициналық тексеруден өткізді.

Сонымен қатар, қосымша медициналық тексеру тағайындалды, оның ішінде қан қысымын 24 сағат бойы бақылау, биохимиялық қан анализі, терапевт пен эндокринологтың кеңесі және т.б. бар.

Денсаулығы нашар жазасын өтеушілердің барлығына клиникалық диагноз қойылып, тиісті ем-дом жасалды, сондай-ақ олардың біреуіне - 3-ші топтағы мүгедекке қажетті медициналық құрал-жабдықтар берілді.