Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі көп балалы отбасы балаларына мүгедектік есебінде тұруға көмектесті

Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі көп балалы отбасы балаларына мүгедектік есебінде тұруға көмектесті

Маңғыстау обылысындағы отбасы баласына қатысты "мүгедектігі бар деп тану" туралы өтініш бере алмай жүр

Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкіліне Ақтау қаласында тұратын көп балалы отбасының туыстары хабарласқан.

Жалғызбасты ана мен оның балалары әлеуметтік-тұрмыстық қиын жағдайда өмір сүріп келген, сонымен қатар әйелдің өзі де, оның екі баласы де мүгедектік тіркеуін алуы керек. Оның үстіне, олармен бірге тұратын 1958 жылы туған әжесіне еңбек өтілін растайтын құжаттары болмағандықтан, әлі күнге дейін зейнетақы тағайындалмаған.

Отбасының тұрғын үй жағдайын зерттеген соң, Уәкіл өкілі денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, ахуалды жеткізді. Қазір ана мен бала медициналық тексеруден өтіп жатыр.
Заң аясында көмек көрсету мақсатында қазір бұл отбасына жан-жақты қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 7-бабына сәйкес, қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адамзаттық құқықтарды толық пайдалануын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтейік.