АҚҰО Алматы қаласы бойынша өкілдігі жалға алушылардың құқықтарын қорғады

АҚҰО Алматы қаласы бойынша өкілдігі жалға алушылардың құқықтарын қорғады

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматыдағы өкілдігіне қаладағы көпқабатты үйдің тұрғындарынан ұжымдық өтініш келіп түсті.

Тұрғындар «Б» өндірістік кооперативінен «Б» жеке пәтер иелері кооперативіне көшуді көздеген, бірақ жарты жылдан бері бұл мәселе шешімін таппай келеді. Ал, жылыту маусымы жақындағанда, тұрғындарға жылусыз қалу қаупі туып, жағдай қиындай түскен.


Құжаттарды зерделегеннен кейін орталық өкілдігі мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, ӨК және ПИК төрағаларының қатысуымен бірнеше бірлескен қабылдаулар ұйымдастырды.


Кездесулер нәтижесінде тұрғындар мен кооператив төрағалары арасында құқық белгілейтін құжаттарды беру туралы өзара келісім жасалып, көрсетілген үйге қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды. Үйге жылу уақытылы берілді.

Осылайша, арызданушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, оларға дер кезінде көмек көрсетілді.