Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің көмегімен мектеп-интернат оқушыларының құқықтары қалпына келтірілді

Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің көмегімен мектеп-интернат оқушыларының құқықтары қалпына келтірілді

Меркі ауданына жұмыс сапары барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Гранитогорск кентіндегі көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатында болды.

Уәкіл өкілі оқу орнын аралау барысында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, мұнда ішкі бейнебақылау камералары жазылмағаны, күнделікті тамақ үлгілері толық сақталмағаны, білім алушылар жатқан бөлмелер қажетті жиһазбен жабдықталмағаны белгілі болды.

Сондай-ақ мектеп-интернаттың жатақханасы тиісті талаптарға сай емес.

Іссапар қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі облыстық білім басқармасына анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар жолдады.