Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз, «Қариясы бар үйде – қазына бар», «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Ақ самайлы аталар, ақ жаулықты әжелер, әрбіріңіз жүріп өткен жол мен еткен еңбек, атқарған жұмыс – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы қариялар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі.
Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Ластаев