Қазақстан Германияның отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибесін қабылдауда

Қазақстан Германияның отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибесін қабылдауда

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Германиядан келген делегациямен кездесіп, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес саласында тәжірибе алмасты. Делегация құрамында Фридрих Эберт қорының (FES) қазақстандық кеңсесінің өңірлік директоры Кристоф П. Мор, Ландау қаласының прокуратурасы жанындағы агрессорларға қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған орталықтың қызметкері Роланд Хертель және осы қаланың полиция басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы бас комиссары Барбара Эмрих бар.

Қазақстан омбудсмені бүгінгі таңда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы айтып берді. Атап айтқанда, кешенді стратегияны әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау практикасын қайта қарау, агрессорларды психотерапиялық көмек көрсетуге міндеттейтін тетіктерді енгізу, сондай-ақ қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасындағы жаңа нормалар туралы сөз болды.

Ластаев сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі шараларын, сондай-ақ зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша еліміздің әр аумағындағы 41 дағдарыс орталығының жұмысын атап өтті.

Өз кезегінде Эмрих ханым тұрмыстық зорлық-зомбылық істерімен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Онда зорлық-зомбылық құрбандарын агрессордан оқшаулау ғана емес, агрессорлармен ұзақ және жүйелі психотерапиялық жұмыс жүргізуге назар аударылатынын атап өтті.

Директор Мор омбудсмен кеңсесінің сараптамалық әлеуетін нығайту үшін диалог құру мен идеялар алмасу платформасы ретінде Қордың ресурстарын ұсынуға дайын екендігін атап өтіп, Қазақстанның отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күресте қабылдап жатқан шараларына қолдау білдіріп, жоғары бағалады.

Соңында тараптар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірлескен бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы