Парламент Мәжілісінің депутаттары қаңтар оқиғаларына қатысушыларға қатысты рақымшылық жасау туралы заңның қабылдауына дауыс берді

Парламент Мәжілісінің депутаттары қаңтар оқиғаларына қатысушыларға қатысты рақымшылық жасау туралы заңның қабылдауына дауыс берді

«Рақымшылық туралы» Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді. Президент Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында айтылған Жолдауында қаңтар оқиғаларына қатысушыларға біржолғы рақымшылық жасау туралы шешім жариялаған болатын.

Ол рақымшылықтың мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп өзгертуге тырысты деп айыпталған тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға қатысты қолданылмайтынын айтты.

Заң жобасы қаңтар оқиғалары кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар 54 қылмыс құрамын қамтиды.

Рақымшылыққа шамамен 1,5 мыңға жуық азамат ілінеді деп күтілуде.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы