ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» серіктестік туралы келісті

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» серіктестік туралы келісті

Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсының бастамасымен «Саяси реформаларды іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі" атты дөңгелек үстел өтті, оның шеңберінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы түріндегі АЛЭ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде азаматтық қоғамның дамуын жақсарту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бірлескен іс-шаралар мен жобаларды іске асыру, ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізу және өзара мүдделілік білдіретін салаларда үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да ұйымдармен әріптестік байланыстарды дамытуға жәрдемдесу жоспарланып отыр.

Тараптар азаматтық қоғам шеңберінде әзірленген білімдермен, құзыреттермен және озық тәжірибелермен өзара алмасуға, хабардарлық пен жалпы салалық түсінікті арттыруға ниетті.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы