ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Брюссельде Еуропалық Одақпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Брюссельде Еуропалық Одақпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың Еуропалық Одақтың астанасына жұмыс сапары аяқталды.

Сапар аясында Омбудсмен Еуропалық комиссия мен парламенттің ресми өкілдерімен, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін түрлі институттардың сарапшыларымен келіссөздер жүргізді.

Еуропалық саясаткерлер мен дипломаттар қазақстандық Омбудсменнің құзыретін күшейтуге және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» жаңа Конституциялық заңның қабылдануы туралы өзекті ақпарат алды, сондай-ақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен тікелей байланыстарға қолдау білдірді.

ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен және Орталық Азия бойынша Терхи Хакалмен кездесулерде тараптар 2015 жылғы Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім негізінде демократия және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің Шығыс серіктестігі, Ресей, Кавказ және Орталық Азия жөніндегі басқарушы директорының орынбасары Люк Девинеммен әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда Заң үстемдігі қағидаттарын күшейтуге бағытталған екі тарап үшін басым жобаларды айқындады.

Қазақстан мен ЕО-ның Адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық мәселелері Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер жөніндегі комитетінің, Адам құқықтары жөніндегі кіші комитеттің және Орталық Азия мен Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі делегацияның мүшелерімен кездесуде қаралды. Адам құқықтары жөніндегі ЕП кіші комитетінің басшылығымен және мүшелерімен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар бойынша қосымша онлайн-консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Еуропалық Парламент депутаттарының бірі Карстен Луке мәлімдегендей, Еуропарламент Қазақстандағы саяси реформаларды мұқият қадағалайтын айтты, Астананың өзекті халықаралық мәселелер бойынша ұстанымын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, кездесулерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және полицияның осы қылмыстын қайталануын болдырмау үшін тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу бойынша өзекті шаралары талқыланды.

Бұдан басқа, азаптауларға қарсы өзара іс-қимыл халықаралық ынтымақтастық мәселелері қазақстандық Уәкілдің адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік және азаптауларға қарсы халықаралық ұйым сарапшыларымен кездесуінде қаралды.

Қазақстандық Омбудсменнің Брюссельге жұмыс сапары барысында адам құқықтарын қорғау саласындағы практикалық тетіктерін күшейтуге бағытталған ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Еуропалық әріптестер, атап айтқанда, ҚР Құқық қорғау органдарынан осы ведомствоға қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету жөніндегі өкілеттіктерді беруге байланысты ҚР Әділет министрлігімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделілігін білдірді.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы