Суретші Кәріпбек Күйіков Еуропа Кеңесінде алғашқы рет сүреттерін және ядролық қаруға қарсы Қазақстанның әрекеттерін ұсынды

Суретші Кәріпбек Күйіков Еуропа Кеңесінде алғашқы рет сүреттерін және ядролық қаруға қарсы Қазақстанның әрекеттерін ұсынды

Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінің аясында Қазақстанның сыртқы саясатының антиядролық векторының тұсаукесері өтті.

Еуропа Кеңесі мен ҚР Страсбургтағы Бас консулдығының қамқорлығымен ұйымдастырған шарада ұйымның қызметкерлері, мүше елдердің елші дәрежесіндегі тұрақты өкілдері, шетелдік дипломаттар, құқық қорғаушылар және сарапшылары қатысты.

Қазақ суретші және ядролық қаруға қарсы белсенді активист Кәріпбек Күйіков алғашқы рет осы Еуропаның ең көне құқық қорғау ұйымында өз сүреттерін ұсынды. Оның «ЖЕНУ» тақырыбындағы экспозициясы негізінен ядролық елдері арасындағы күшейіп келе жатқан текетіреске қарсы тұруға арналды. Сондай-ақ суретші салауатты қоршаған ортаға адам құқықтарын қамтамасыз етуді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын насихаттауға назар аударды.

«Маған Еуропа Кеңесінде халқымаздың атынан шығу үлкен мәртебе. Мен ядролық полигонға жақын жерде дүниеге келдім, сондықтан мен үшін радиациялық әсердің салдарын әлемге көрсету маңызды. Инвалид ретінде мен сіздерге, дені сау, толыққанды адамдарына енжар болмай, ядролық апатты болдырмау үшін күштерін құюға шақырамын», - деді Қ.Күйіков.

Бас консул Әнуарбек Ахметов Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуы, оның бастамалары, ядролық державалар арасындағы текетіреске жол бермеу жөніндегі күш-жігері, сондай-ақ жаһандық қарусыздану және таратпау үдерістеріндегі Қазақстанның рөлін туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Junior Eurovision 2021» байқауының жеңімпазы, ерекше күтімді қажет ететін қазақстандық оқушысы Бекнұр Жәнібекұлының қазақ, ағылшын, француз және итальян тілдерінде ән шырқауы шараның маңызды элементі болып табылды. Көрермендер қазақстанның жас әншінің қайсарлығы мен талантына тәнті болды.

Шетелдік қатысушылар іс-шараны жоғары бағалап, қазақстандық тарапқа алғыстарын білдірді және еліміздің ядролық қарусыздану, қоршаған ортаны қорғау және мүгедектердің құқықтарын ілгерілету саласындағы күш-жігерін қолдады.

Мексика Елшісі Хосе Альфонсо Суарес өз елі Қазақстан, Австрия және Норвегияны ядролық бағдарламаға қарсы халықаралық іс-қимылдағы маңызды одақтастар ретінде қарастыратынын атап өтті. «Мексика әрқашан Қазақстанның одақтасы болып қала береді, ал мәдениет планетада келісім мен бейбітшілікке қол жеткізудің маңызды құралы болып табылады», - деді елші.

Шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар өнер қайраткері және активист Кәріпбек Күйіковтің Францияға сапарын жүзеге асыруға демеушілік көрсеткен барша қазақстандықтарға шынайы алғыстарын білдіреді.