«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын талқылау аяқталды

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын талқылау аяқталды

Бүгін құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар жұмыс тобы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын талқылау бойынша қорытынды отырыс өткізді.

Жалпы, жұмыс тобының мүшелері 2022 жылдың 27 тамызынан бастап 12 отырыста белсенді заң шығару қызметін жүргізіп, заң жобасына бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасындағы жаңа нормалар: уәкілдің құзыретін күшейтуді және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруды көздейді.

Мәселен, Конституциялық заң жобасымен уәкілдің мәртебесі бар:

- адам құқықтары жаппай және өрескел бұзылған жағдайда сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беру ұсынысымен ҚР Жоғарғы Сотына жүгіну;

- адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына жүгінуге;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз барулар және сотталғандардың, ұсталғандардың және өзге де адамдардың аудио жазбаларын, фото және бейне түсірілімдерін жүргізу құқығы бекітіледі;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар немесе астананың мәслихаттары сессиясының пленарлық отырыстарына шақырусыз қатысуға;  

- басқа мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылаушы ретінде әрекет ету және басқа да құқықтар.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде жалпы отырыста Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы