Омбудсмен жанынан құқық қорғаушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Омбудсмен жанынан құқық қорғаушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан қызметі адам құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдар мәселелерімен байланысты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының қатысушылары құқық қорғаушылардың шағымдары мен өтініштерін қарайды, құқық қорғау органдары ұсынған ақпаратты талқылайды, практикалық ұсынымдар, сондай-ақ ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Жақында жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, оған ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, «Адам құқықтары үшін Хартия» ҚҚ басшысы Ж.Тұрмағамбетова, «Қадыр-Қасиет» ҚБ директоры А.Ибраева, адвокат А.Тоқаева, республикалық заң консультанттары алқасының өкілдері А.Скаков пен С.Беркамалов, сондай-ақ әділет министрліктерінің, ішкі істер және Бас прокуратурасының өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында қатысушылар осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешуде құқық қорғау ұйымдары мен мемлекеттік органдарды біріктіру қажеттігін атап өтті.

Бұдан басқа, БҰҰ-ның құқық қорғаушылар туралы, олардың құқықтары мен міндеттері, өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктері туралы декларациясындағы негізгі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, құқық қорғаушылар оларға қатысты қауіптер мен шабуылдарға алаңдаушылық білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-шара ҚР Үкіметінің а.ж. 22 сәуірдегі «Адам құқықтары және Заң Үстемдігі саласындағы бұдан арғы шаралар жоспарында» қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу саласындағы адам құқықтары бөлігінде көзделген.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы