Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 238 адам қайтыс болды

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 238 адам қайтыс болды

2022 жылғы 16 тамыз – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанның Бас прокуратурасы Қазақстандағы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан 238 адамның толық тізімін хабарлады.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бұл мәселені Бас прокуратура мен басқа да органдар алдында 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап көтерді.

Конструктивті диалог пен ашық талқылаудың арқасында омбудсмен Бас прокуратураның мәселенің мән-жайы бойынша шешім қабылдауына қол жеткізді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары «қаңтар оқиғасы» кезеңінде адамдардың қаза болу фактілері бойынша 200-ден астам қылмыстық істі тергеуде. Барлық жағдайлар бойынша нақты мән-жайларды анықтау жөнінде шаралар кешені қабылданды.

Брифинг барысында Бас прокуратура өкілі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 238 азамат, оның ішінде күш ведомстволарының 19 қызметкері қаза тапқанын, 6 адам азаптаудан қайтыс болғанын атап өтті. Бүгінгі таңда қаза тапқандардың мән-жайы анықталып, тергеу 176 адамға жалғасуда. Сотқа 955 күдікті тұлға берілді, 834 азамат түрлі жазалау шараларына, оның ішінде 636 адам бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталды. Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда.

Қаза тапқан адамдардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/413195?lang=ru 

https://ortcom.kz/ru/novosti/1660647022

https://ortcom.kz/ru/novosti/1660647388

https://ortcom.kz/ru/novosti/1660646280

https://ortcom.kz/ru/novosti/1660648388

https://ortcom.kz/ru/novosti/1660649310

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы