Қазақстанда 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы Тәуелсіз Республиканың жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.
Конституциялық заңда белгіленген мемлекеттік рәміздер елдің айырым белгілері болып табылады, оларға мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн жатады.
Қазақстан елтаңбасының авторлары — белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Тудың авторы — дизайнер әрі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
ҚР әнұраны музыкасының авторы — композитор Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның мәтінін Жұмекен Нәжімеденов пен еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазған.
Осы жарқын мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Біздің Отанымыз — Қазақстан гүлдене берсін, тәуелсіздіктің туы биік болсын!