Отбасы банк онлайн-режимде қазақстандықтардан жалдау ақысын субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау үшін платформаның функционалын пысықтап жатқанын хабарлайды.
Жалға беруді субсидиялау бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істей бастайды.
Жалдауды субсидиялауға үміткерлер:
- көп балалы отбасылар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- жетім балалар;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.
Барлығы тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті әкімдіктерде кезекте тұруы тиіс.
Соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы (2022 жылы 1 ЕТКД - 36 018 теңге) аспауы тиіс.
Бұған 50 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 70 мың қазақстандық тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын жабуға субсидия ала алады.
Азаматтардың тізімін ҚР ИДМ қалыптастырады. Отбасы банк әрқайсысына жалдау ақысын субсидиялау мүмкіндігі туралы хабарлайды және онлайн-режимде банк платформасында өтінім береді. Сізде ЭСҚ кілті болуы керек.