ЮНИСЕФ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ КЕҢСЕСІМЕН СЕРІКТЕСТІКТЕ АЛМАТЫДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 500 АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫ МЕН МЕКТЕП ЖИЫНТЫҚТАРЫН ҰСЫНАДЫ

ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Кеңсесімен серіктестікте Алматы қаласында зардап шеккен балалары бар отбасыларға азық-түлік өнімдері мен гигиеналық жиынтықтары бар 500 жинақтама ұсынады.

Көмекті көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүгедектігі бар балалар, көшіп-қонушы балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алады.

Сондай-ақ ЮНИСЕФ Алматы қ. көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, мүгедек балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және көшіп-қонушы балаларға 380 мектеп жиынтығын ұсынады.

ЮНИСЕФ халықаралық METRO Group көтерме сауда желісіне дер кезінде көмек көрсетіп, Қазақстан балаларының игілігі үшін жасаған ынтымақтастығына алғыс білдіреді.