ОМБУДСМЕННІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

ОМБУДСМЕННІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

17 қаңтар 2022 жыл, ұсталғандардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу шеңберінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Эльвира Әзімова, «Адам құқықтары үшін Хартия» ҚҚ басшысы Жеміс Тұрмағамбетова және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ директоры Шахноза Хасанова Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқановпен кездесті.

Кездесуге Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Т.Жәнібеков және Шымкент қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ғабит Мұқанов жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде ішкі істер органдарына 3521 адам жеткізілгенін, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша 3034 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар босатылғанын хабарлады. Басқа азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша прокурорлар 178 наразылық шығарды, 146 адамның негізінде босатылды, 32 азаматқа қатысты айыппұл түріндегі жазалау шарасы ескертуге ауыстырылды.

Жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған құқық бұзушылықтардың жекелеген фактілері бойынша 4-7 қаңтар аралығында 15 қылмыстық іс қозғалды. Барлық қылмыстық істер арнайы прокурорлар мен Шымкент прокуратурасының өндірісінде.

79 адамға қатысты "күзетпен ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Жаппай тәртіпсіздік барысында 18 адам қаза тапты.