ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова: «Отбасы институтына деген құрметті күшейтіп, отбасылық құндылықтарды нығайту қажет»

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова: «Отбасы институтына деген құрметті күшейтіп, отбасылық құндылықтарды нығайту қажет»

Бүгін, 25 қарашада Қазақстанда «Қазақстандағы Отбасы және отбасылық саясат Институты: проблемалар, үрдістер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық конференция өтуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ЕҚЫҰ және БҰҰ-әйелдер құрылымымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара «зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық науқанының бастамасы болды.

Конференция жұмысына Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова, Ұлттық комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысты.

 «Қазақстан бұл акцияны ұзақ уақыт бойы өткізіп келеді және оған барлық деңгейде қатысады. Отбасы және отбасылық құндылықтар институтының нығаюына, әйелдер мен балалардың құқықтарына байланысты мәселелерге нұқсан келтіретін барлық құқық бұзушылықтар мен заңсыз іс-әрекеттерге Қазақстанның мүлдем төзбеушілігін іс жүзінде сүйемелдеуі және дәлелдеуі тиіс нақты іс-әрекеттер болғанын қалаймын. Өткен жыл біз үшін өте қиын болды, осыған байланысты біз саясаттың жаңа сын - тегеуріндер мен жаңа мүмкіндіктер туралы түсінігін қайта қарастыруымыз керек», - деп атап өтті Эльвира Әзімова іс-шарада сөйлеген сөзінде.

Конференция аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ұлттық комиссия басшысы Лаззат Рамазанова мен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев биыл «зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық науқанын өткізу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашадан бастап - әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні (бастапқы күн) Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, 16 күн ішінде мәдени, ағартушылық және әлеуметтік іс-шаралар өтеді, олардың мақсаты-қоғамның назарын зорлық-зомбылық проблемаларына аудару. Айта кетейік, халықаралық науқанның ресми түсі – зорлық-зомбылықсыз жарқын әлемді білдіретін қызғылт сары түс.