ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақының жаңа түрлерін енгізу және мүгедектігі бар азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктерін күшейту туралы Заңға қол қойды.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының толық мәтінімен сайтта танысуға болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=33623622.   

Заңда мүгедектіктің себебіне қарамастан I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақылар енгізіледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша I топтағы 66 мың мүгедек адамның әрбір үшінші бөлігі күтім жөніндегі жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтамасыз етілмеген. Жаңа енгізілім тұрақты сыртқы күтімге мұқтаж 24 мың адамды күтім бойынша жәрдемақымен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, заңмен денсаулығына байланысты проблемалары бар 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік топтары енгізіледі. Бұл көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай жәрдемақылардың мөлшерін айқындау бөлігінде саралауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37% - ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл шара мүгедек 30 мыңнан астам балаға қатысты болады.

Бұдан басқа, Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді.

Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда, бір немесе екі ата-ана (асыраушы) қайтыс болған жағдайда, бала не Мүгедектігі бойынша жәрдемақы, не асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норманы енгізу кезінде екі мың бала Мүгедектігі бойынша жәрдемақымен тең жағдайда (мөлшері 41 163-тен 48 023 теңгеге дейін) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы ала алады (мөлшері 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін).

Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбекте мертігуден мүгедек болған азаматтарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен және көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету Заңның тағы бір жаңалығы болып табылады.

Қазіргі уақытта жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда бұл міндеттемелер мемлекетке өтеді. Бұл ретте мүгедектігі бар азаматтар кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру (әрекетсіздік) кезеңінде немесе 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде ОТҚ алу мүмкіндігінен айырылған. Осы кезеңде өндірісте мүгедектік алған азамат оңалтудың техникалық құралдарынсыз қалады. Аталған шара 2 мыңға жуық адамды оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерімен уақтылы қамтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, құжатта мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұр. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда.

Заң мүгедек баланы күту мерзімін 18 жасқа дейін ұзартады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл шара жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді деп санайды.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакетті әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру қарастырылған.

Министрліктің мәліметінше, заң 55 миллиард теңге сомасында қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылатын болады.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/novoe-posobie-prava-lyudey-invalidnostyu-tokaev-podpisal-451043/