ҚАЗАҚСТАН 2022-2024 ЖЫЛДАРҒА БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН 2022-2024 ЖЫЛДАРҒА БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы барысында Қазақстан Республикасы 2022-2024 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (АҚК) мүшесі болып сайланды. Елімізді кеңеске сайлануына БҰҰ Бас Ассамблеясының мүшелері дауыс берді.

Кеңестегі Қазақстан жұмысының басым бағыттары ретінде гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, өлім жазасын жаппай жою, төзбеушіліктің барлық нысандарына қарсы күрес, дін мен сенім бостандығы, инклюзивті және жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы жағдайында адам құқықтарын құрметтеу айқындалған.

Біздің еліміз Дүниежүзілік ұйымның бас құқық қорғау органына сайлануы оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды ілгерілету процесіне белсенді және жауапты қатысушы ретіндегі рөлін тану болып табылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында хабарланғандай, 2022-2024 жылдарға арналған кеңес құрамына барлығы 18 ел кірді. Бұл Аргентина, Бенин, Гамбия, Гондурас, Үндістан, Қазақстан, Камерун, Катар, Литва, Люксембург, Малайзия, Парагвай, БАӘ, Сомали, АҚШ, Финляндия, Черногория және Эритрея.

Қазақстан 7 қыркүйекте БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауға қатысуға өтінім берді. Ұйымға мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қатысуымен ұлттық өтінімді таныстыру аясында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова кеңеске мүше болу Қазақстанды өңірлік бастамаларды ілгерілетуге ғана емес, қабылданған міндеттемелерді орындаудың сапалы деңгейіне шығаруға ынталандыратынын атап өтті. Э.Әзімова сондай-ақ дауыс беруші елдер өкілдерінің назарын кандидат мемлекеттердің, атап айтқанда Қазақстанның мына өлшемдеріне аударды: саяси әлеуеттің орнықтылығы, БҰҰ-ның жүйелі бастамаларын ілгерілету перспективасы, құқық қорғау институттары мен азаматтық сектордың өңірлік әлеуеті, БҰҰ институттарымен және органдарымен бірлесіп өңірлік және халықаралық жобалардағы тең әріптестіктің елдік әлеуеті.

Бұған дейін еліміз БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2013-2015 жылдарға сайланған болатын.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес - бұл БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы, 2006 жылғы наурызда құрылған, оның құрамына әлемдегі адам құқықтарын көтермелеуге және қорғауға жауапты 47 мемлекет кіреді. БҰҰ АҚК құзыретіне оның назарын талап ететін адам құқықтары саласындағы барлық тақырыптық мәселелер мен жағдайларды талқылау кіреді. Кеңес мүшелері бес өңірлік топтан сайланады және өз міндеттерін үш жыл бойы атқарады. Адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырысы Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде өтуде.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/269720?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/kazahstan-podal-zayavku-na-uchastie-v-vyborah-v-sovet-oon-po-pravam-cheloveka?lang=ru

#БҰҰ #АдамҚұқықтарыЖөніндегіКеңес #UN #UNHumanRightsCouncil #АдамҚұқықтары #Қазақстан #АдамҚұқықтарыЖөніндегіУәкіл