«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҚАНДАЙ МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЕНГІЗІЛДІ?

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҚАНДАЙ МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЕНГІЗІЛДІ?

Ағымдағы жылдың басында VII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы арнайы заң қабылдау арқылы адам құқықтарын қорғау саласын жетілдіруді ұсынды, ол омбудсмен институтын институционалдық және ұйымдастырушылық тұрғыдан, соның ішінде өңірлердегі адам құқықтарына байланысты мәселелерді шешуді реттейді.

Осыған байланысты Парламент депутаттары адам құқықтарын көтермелеумен және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты халықаралық тәжірибені (Париж қағидаттары), омбудсмен институтын қорғау және нығайту қағидаттарын (Венециандық қағидаттар), сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің ерекшеліктерін мұқият зерделеді

2021 жылдың 13 қазан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы шеңберінде омбудсмен институтының Тәуелсіздік қағидаттары мен кепілдіктері белгіленген «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылды.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобалары қаралды, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексіне) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы».

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова, Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс аппараты басшысының бірінші орынбасары Илья Чечельницкий қатысты, құқық қорғау мекемелерінің Азия-Тынық мұхиты форумының құқықтық мәселелер жөніндегі менеджері Филлип Вардле, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.

Заң жобасында омбудсменнің адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бөлігіндегі өкілеттіктерін кеңейту ұсынылады.

Мәселен, бүгінгі күні азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижелері бойынша ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мемлекеттік органдарға бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін қабылдануы тиіс шараларға қатысты ұсынымдар жіберуге, сондай-ақ уәкілетті органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік қылмыстық іс қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

Осы ереже заң жобасы шеңберінде белгіленген мынадай құзыретпен елеулі түрде кеңейтілетін болады: егер шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары бұзылса, Уәкіл сотқа тікелей талап арызбен жүгіну құқығын алады.

Сонымен қатар, депутат Ирина Унжакова атап өткендей, егер алдыңғы жылдары Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тек қорғау процесін бақылау мүмкіндігіне ие болса, енді ол осы процестің тәуелсіз қатысушысы болады.

Бұдан басқа, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелерді қарау кезінде ол Қазақстандағы барлық маңызды құқықтық, қадағалау және заңнамалық отырыстарға қатысу құқығына ие болады. Атап айтқанда, Парламенттің, оның палаталарының, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің отырыстарында.

Сондай-ақ, заң жобасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мәртебесін айқындайды.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымында болуға байланысты шектеулер регламенттелген. Омбудсменнің саяси қызметпен айналысуға құқығы жоқ, саяси партияларға қатысуға жіберілмейді, мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды, ғылыми және шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналыса алмайды», - деп атап өтті мәжілісвумен.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызмет ету мерзімі бүгінгі күндегідей бес жылды құрайтын болады. Алайда, заң жобасында ол осы лауазымға қайта сайлануы немесе мерзімінен бұрын қызметінен кетуі мүмкін нормалар көзделген.

Сондай-ақ омбудсменнің Тәуелсіздік қағидаттары мен кепілдіктері белгіленген.

«Заң жобасында қол сұғылмаушылыққа ие болу сияқты новелланың болуы өте маңызды. Яғни, уәкілді ұстауға, қамауға алуға, қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға, тінтуге немесе жеке басын тексеруге болмайды. Сонымен бірге, бұзушылық орын алған жағдайда, ол әкімшілік немесе басқа жауапкершілікке тартылуы мүмкін, бірақ ерекше тәртіп бойынша», - деп атап өтті Унжакова.

Омбудсменнің қызметіне араласқаны үшін әкімшілік жаза көзделетін болады. Тиісті түзетулер ҚР ӘҚБтК-не енгізіледі.

Толығырақ келесі БАҚ жазбаларында оқыңыз:

https://www.zakon.kz/5086449-polnaya-neprikosnovennost-kak.html

https://www.inform.kz/ru/rasshirit-kompetencii-upolnomochennogo-po-pravam-cheloveka-hotyat-v-kazahstane_a3848532

https://www.inform.kz/ru/upolnomochennyy-po-pravam-cheloveka-v-kazahstane-poluchit-neprikosnovennost_a3848493

https://vlast.kz/kz/novosti/47063-upolnomocennogo-po-pravam-celoveka-v-kazahstane-nadelat-pravom-neprikosnovennosti.html

https://inbusiness.kz/ru/last/upolnomochennomu-po-pravam-cheloveka-predlagayut-dat-neprikosnovennost

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларының мәтіндері ресми сайтта ұсынылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/222668?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/222668?lang=ru

 

#Омбудсмен #АдамҚұқықтарыЖөніндегіУәкіл #АдамҚұқықтары #АзаматҚұқықтары #Заң #ЗаңЖобасы #Парламент