АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

2021 жылдың мамыр айында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына К.азамат өз құқықтарын қорғау үшін жүгінді.

2018 жылы жұмыс беруші құқық қорғау органдарына мүлікті ұрлау фактісі бойынша арыз берген. Қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап, үш жылға жуық уақыт ішінде К. азамат жұмыстан шеттетіліп, тағылған айыпқа байланысты басқа ұйымдарға жұмысқа орналаса алмады.

Омбудсменнің өтініші негізінде прокуратура тиісті тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы негізсіз шешімнің күші жойылды. Қажетті тергеу әрекеттері қисынды қорытындыға келді. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Биылғы жылдың тамыз айында сот шешімімен жұмыс берушінің К. азаматы жұмыстан шеттету туралы бұйрығы күшін жойды.