АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі мәселе болып табылады.

Британдық The Guardian таблоидының мәліметтері бойынша 40,3 миллионнан астам адам қазіргі құлдықтың әртүрлі формаларында. ЕҚЫҰ деректері бойынша, әлемде жыл сайын 4 млн.адамға дейін адам саудасының құрбаны болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Дүниежүзілік есебінде 124 мемлекетте анықталған адам саудасының құрбандары 152 елдің азаматтары екендігі айтылған.

Мысалы, Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (Ресейден кейін) және ең алдымен Орталық Азия елдерінен келген мигранттар үшін межелі ел болып табылады. Тек 2019 жылы елге 6,2 миллион шетелдік азамат келді, оның 5,6 миллионы – ТМД елдерінің азаматтары. ТМД елдерінен келген мигранттардың көпшілігі Қазақстанмен визасыз режимнің арқасында елге заңды түрде кіреді. Алайда, олардың көпшілігі бейресми түрде қалады және жұмыс істейді, талап етілетін тіркеу немесе тұруға рұқсат, жұмысқа рұқсат немесе келісім-шартсыз, оларды осал етеді.

Биылғы жылдың 9 маусымында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды. Президент Жарлығын іске асыру үшін Үкімет жақын арада іске асырылуы тиіс Адам құқықтары саласындағы 26 бірінші кезектегі шараларды айқындады. Олардың ішінде - адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтауға, жазалауға және олардың алдын алуға бағытталған заңнама мен практиканы жетілдіру жөніндегі шаралар бар.

Бұл үдеріске Қазақстанның бірқатар ҮЕҰ белсенді қатысуда. Тиімді ынтымақтастық көрші елдермен және халықаралық ұйымдармен жүзеге асырылады.

«Жасырын» сипатты ескере отырып, бұл процесте оң тәжірибемен және осындай қылмыстардың алдын-алудың сәтті стратегиясымен үнемі алмасу маңызды. Олардың құрбандары көбінесе әлеуметтік жағынан осал азаматтар болып табылады.

Екінші жағынан, адам саудасы - бұл адамның бірқатар құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзуға әкелетін ауыр трансұлттық қылмыс. Бұл қылмыстың таралу деңгейі еңбек нарығының жай-күйін және адамның әлеуметтік қорғалуын бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта Үкімет Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың осындай қылмыстардан зардап шеккен шетел азаматтарын арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар қатарына қосу туралы ұсыныстарын қолдады. Осындай қылмыстардан зардап шеккендерге мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы ұсыныс талқылау сатысында тұр. Мемлекеттік қордан адам саудасының құрбандарына өтемақы төлеу туралы арнайы заң қолданылады.

ХКҰ деректері бойынша 2020 жылы ХКҰ атына және үкіметтік емес ұйымдарға 1891 азамат жүгінген. 2021 жылдың басынан бастап полиция органдары адам саудасына байланысты 103 қылмыстық іс қозғады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталық ХКҰ-ның Орталық Азиядағы өкілдігімен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ офисімен және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, екі жыл ішінде көшіп-қонушыларға және олардың отбасыларына, әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған және «тәуекел» тобындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған екі жобаны іске асырды.

Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша бұндай қылмыстарды анықтау, қудалау, сондай-ақ олардың алдын алу процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар пакеті әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізілді.

Біз табысты ынтымақтастық үшін барлық серіктестерімізге алғыс айтамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық