Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік топтарының қатысушылары мен балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінің басшылары әлеуметтік мекемелерде бала құқықтарының сақталуын мониторингілеу бойынша тренингтен өтті

Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік топтарының қатысушылары мен балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінің басшылары әлеуметтік мекемелерде бала құқықтарының сақталуын мониторингілеу бойынша тренингтен өтті

БҰҰДБ қолдауымен екі күн ішінде (2021 жылғы 22-23 шілде аралығында) ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары мен балалардың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің басшылары өздерінің дағдыларын өзектендіріп, балалар әлеуметтік мекемелерінің адам құқықтарын сақтау тұрғысындағы жағдайларын мониторингілеудің ең үздік технологиялары бойынша, сондай-ақ осындай мекемелерде болатын балалар мен мекеме қызметкерлерінің жанжалсыз және әдепті сұхбат жүргізу бойынша білім алды.

ҰАТ қатысушыларының медициналық-әлеуметтік мекемелерге алдын ала бару бойынша білімдерін тұрақты арттыру балалардың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз етуге, қатыгез қарым-қатынастың, балаларға қатысты кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған.

Жаттықтырушылар балалармен сұхбаттасу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тренерлерге: адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры А.Мухаға, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р. Ақылбековаға, әлеуметтік қызметтер саласындағы халықаралық жобалардың жетекшісі және қатысушысы Д. Есімоваға алғысымызды білдіреміз.

Д.Есімова осындай іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа тәсілін ұсынды, ҰАТ қатысушыларына мекемелерді мониторингтеу кезінде балалардың әлеуметтік бейімделу жағдайларына ерекше назар аударуды ұсынды, олар тек осындай мекемелердегі тамақтану жағдайлары мен материалдық-техникалық жағдайларға мониторинг жүргізумен шектелмейді.

Тренингке қатысушылар адам құқықтарын сақтау мониторингі бойынша дағдыларды арттыру мақсатында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік мекемелерде болу жағдайында баланың жеке басының дамуына жәрдемдесу мақсатында да осындай тренингтерді тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.