Қазақстандағы омбудсмен институты: мәселелері мен болашағы

Қазақстандағы омбудсмен институты: мәселелері мен болашағы

«Қазақстандағы омбудсмен институты: мәселелері мен болашағы» тақырыбында ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Парламент депутаттарының, құқықтанушы ғалымдардың, құқық қорғаушылар мен жас сарапшылар кеңесі мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы арнайы заң қабылдау арқылы Құқық қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Заң жобасы және оның материалдары туралы толық ақпаратпен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/170792?lang=kk