Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова дипломатиялық корпус үшін Қазақстанда адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы брифинг өткізді

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова дипломатиялық корпус үшін Қазақстанда адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы брифинг өткізді

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова дипломатиялық корпус үшін Қазақстанда адамқұқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша жүргізіліпжатқан реформалар туралы брифинг өткізді.

Іс-шара барысында омбудсменнің қызметі мен даму перспективалары атап өтілді. Дипломатиялық корпусқа Парламент депутаттары әзірлеген және қазіргі кезде академиктермен, қоғам өкілдерімен және сарапшылармен талқыланатын Омбудсмен туралы заң жобасы туралы ақпарат берілді.

Осы институтты нығайту қажеттілігі және жеке заң қабылдауы туралы 2021 жылғы 15 қаңтарда өткен жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысымен адам құқықтары саласы реформалардың пакеті шеңберінде атап өтілген. Э. Әзімова «Мемлекет басшысының Уәкілдің әлеуетін күшейту туралы шешімі осы институттың ерекше рөлін және оның міндеттерін түсінуін тағы бір рет растайтындығын» айқындап өтті.

Брифинг барысында Э. Әзімова Қазақстан Республикасы Президентінің Адам құқықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру және тәжірибе бойынша одан әрі шаралары туралы Жарлығында көрсетілген негізгі бағыттары туралы баяндады.

Уәкіл «Мен үшін ең бастысы, бұл рәсімделген шаралар емес, бұл азаматтардың заңды мүдделерін, адам мен азаматтың конституциялық кепілдіктерін тиімді жүзеге асыруды ескере отырып, тәжірибені қайта қарау және заңнаманы жетілдіру бойынша нақты шаралардың болуы», - деді.

Кездесу сындарлы жағдайда өтті, Э.Әзімова шет мемлекеттердің елшілерінің сұрақтарына жауап берді.Дипломатиялық корпустың өкілдері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жақын болашаққа жоспарланған міндеттерімен танысу мүмкіндігі үшін алғыс айтты.