
Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 14,9 млрд теңге төленді.
"Халық жауларын" анықтау саясатының нәтижесінде көптеген адамдар зардап шекті. 1921 жылдан 1954 жылға дейін Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңына ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасы қолданылды.
Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн-нан астам адам жер аударылды.
1930-1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматтары үшін депортация орны болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың саны 1 миллион 200 мың адамға бағаланады.
"Жаппай саяси қуғын - сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" ҚР Заңына сәйкес негізсіз қуғын-сүргіндерге ұшыраған және заңнамаға сәйкес ақталған адамдарға әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) төрттен үш бөлігі есебінен, олардың аталған жерлерде болған әрбір айы үшін, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын ақшалай өтемақы төленеді, - деп еске салды Еңбек министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, 2003-2020 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 188 теңгеден (3/4 АЕК) 291 700 теңгеге (100 АЕК) дейін құрайды. 2021 жылға республикалық бюджетте көрсетілген мақсаттарға 796 мың теңге көзделген.
Бұдан басқа, саяси қуғын – сүргіндер құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлеріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2021 жылы-3 122 теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төленеді.
2005 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде АМЖ 12 млрд теңге сомасында төленді. 2020 жылы МБК төлемі 1 млрд 180 млн теңге сомасына жүргізілді. 2021 жылы АМЖ төлеуге 1 млрд 259 млн теңге жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жаппай саяси қуғын - сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер қатарынан АМЖ алушылар саны 32 229 адамды құрады, - деп хабарлады ведомстводан.
Бұдан басқа, ақталған азаматтардың, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдардың:
* күзетпен ұстау, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу, жер аудару, арнайы қоныс аударуда және зейнетақы алу үшін стажына психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде бас бостандығын шектей отырып, мәжбүрлі еңбекке тарту уақытын есепке алу-үш есе мөлшерде;
* оларға ыңғайлы уақытта кезекті еңбек демалысын алу, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;
* телефондарды бірінші кезекте орнату;
* қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыру, оларда мемлекеттің толық қамсыздандыруында тұруы;
* протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;
* оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алу.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған және заңнамаға сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету бойынша жергілікті бюджеттер есебінен қосымша шаралар белгілеуге құқылы.
Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді.
2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 230 азаматқа 5 834 (2 АЕК) бастап 43 755 теңгеге (15 АЕК) дейінгі мөлшерде 198,4 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.
Дереккөз: https://www.zakon.kz/5070670-pochti-15-mlrd-tenge-vyplatili-zhertvam.html