Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады.

Кездесу барысында Э.Әзімова Омбудсман кеңсесінің жүргізіп жатқан құқық қорғау қызметі туралы хабардар етіп, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша қабылданған және адам мен азаматтың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдерді атап өтті.

Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл әйелдердің, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық және атқарушы деңгейлерде қабылданатын шаралар туралы хабарлады.

Кездесу барысында құқық қорғау қызметімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды кеңейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жалғастыру, сондай-ақ Адам құқықтары саласындағы заң шығару процесіне уәкілді және азаматтық қоғам өкілдерін тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Омбудсмен туралы заңды қабылдау туралы шешім мәнмәтінінде уәкіл институтына мемлекеттік қолдау көрсету және оның әлеуетін өңірлер деңгейінде нығайту мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, әңгімелесу барысында азаматтардың тікелей қатысуымен қоғамдық бақылау түрлерінің бірі ретінде азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша 2014 жылы құрылған ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Мемлекет басшысы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге жәрдемдесу қажеттігін атап өтіп, Үкімет әзірлеген қоғамдық бақылау туралы заң жобасы аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.