Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Француз Республикасының Елшісімен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Француз Республикасының Елшісімен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Әзімованың Француз Республикасының Елшісі Д. Каннеспен кездесуі барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің жалпы мәселелері, омбудсман туралы жеке заң әзірлеу талқыланды.

Сондай-ақ, елімізде адам құқықтарына қатысты мәселелер бойынша өткен және алдағы заңнамалық реформалар талқыланды.

Атап айтқанда, жемісті жұмыс нәтижелері бойынша және Жоғарғы Соттың қолдауымен ұрыс қимылдары жүріп жатқан жерлерде туылған, Қазақстанға қайтарылған балаларға қоғамға одан әрі инклюзияны қамтамасыз ету және стигматизацияны болдырмау мақсатында Туған жерін көрсете отырып, туу туралы куәліктер беріле бастағаны атап өтілді.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау жолымен өлім жазасының күшін жою бөлігінде Қазақстанның ілгерілеуі атап өтілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл еңбек қызметіне тең құқықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының атына әйелдерге тыйым салынған жұмыстар тізімін жою туралы ұсыныспен хат жолданғанын хабарлады. Осы бағыт бойынша жұмыс жүргізу Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылды.

Сондай-ақ, Еуропарламенттің 2021 жылғы ақпандағы қарары, атап айтқанда, қарарда айтылған сотталғандардың азаптау туралы арыздары мен шағымдары талқыланды. Уәкіл сотталғандардың азаптау туралы көптеген мәлімдемелері пандемия кезінде медициналық қызмет көрсетудің жеткіліксіздігімен байланысты екенін атап өтті. Осы проблеманы шешу үшін Уәкіл ІІМ-нің қолдауымен қылмыстық-атқару мекемелеріндегі медицина қызметкерлерін ішкі істер министрлігінің қарамағынан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру мәселесіне бастамашылық жасалды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдады.

Уәкіл сондай-ақ Еуропарламент пен ЕКПА құрамына кіретін Франция депутаттарымен бірлескен консультативтік алаңдар ұйымдастыруға, сондай-ақ ынтымақтастыққа дайындыққа мүдделілік танытты.