Ү.ж. 2 сәуірде қоғамдық бақылау тобы - ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары Қызылорда облысының қалалық ауруханасында М. Баймағамбетов мырзаға барды.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде қылмыстық тергеу аясында ЗК-169/1 мекемесінде ол өзіне іш тұсынан кесілген жарақат алған. Қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті және оны дереу ауруханаға жеткізді. Оларға дене жарақаттары қозғалған қылмыстық іске, онлайн форматта сот отырыстарын жүргізуге қарсы наразылық белгісі ретінде келтірілген. Сондай-ақ, ол сот отырысы барысында техникалық проблемалар орын алғанын, соның салдарынан оның айғақтарын судья естімегенін айтты.
Алынған ақпаратқа байланысты дереу сотқа және ҚР Бас прокуратурасына конституциялық кепілдіктерге және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес сотта қарау барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету (http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000231), іс материалдарын объективті және толық зерделеу туралы өтініш жіберілді.