1 наурыз - Алғыс айту күні!

1 наурыз - Алғыс айту күні!
Құрметті отандастар,
 
Сіздерді шын жүректен алғыс айту күнімен құттықтаймын! Біз бұл мерекені Қазақстанда алтыншы жыл атап өтудеміз. Ол жақсылықты, мейірімділікті, достықты, құрметті білдіреді.
 
Бүгінде бұл қағидаттар халқымыздың келісімі мен бірлігінің өзекті бағдарлары болып қала береді. Өз еліндегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, отбасы мен қоғамның маңызды құндылықтарын сақтай отырып, біз мемлекеттің тұрақтылығы мен өз халқымыздың әл-ауқатын нығайта аламыз және оны қазақстандықтардың болашақ ұрпағына лайықты түрде бере аламыз!
 
Өз халқына және еліне деген зор құрметпен Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұжымы.
 
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық