«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қатысуымен дөңгелек үстел

«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қатысуымен дөңгелек үстел

2 наурыз. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова "қоғамдық бақылау туралы"заң жобасын талқылау бойынша онлайн режимде дөңгелек үстелге қатысты.

Заң жобасында қоғамдық бақылаудың бірқатар маңызды қағидаттары бекітілген, олардың ішінде алуан түрлі нысандар, адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау, жариялылық, ашықтық, қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың заңдылығы бар.

Заң жобасын талқылау барысында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл заң жобасының азаматтық қоғам үшін маңыздылығын және қоғамдық бақылауды заңнамалық регламенттеу қажеттігін атап өтті.

Талқылауға ҚР АҚДМ министрі Аида Балаева және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров қатысты. Сондай-ақ, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері Айгүл Соловьева, Зәуреш Батталова, Рахым Ошақбаев, Серік Беркамалов, Мұрат Әбенов, Дос Көшім, Евгений Жовтис, БАҚ және НҚА өкілдері сөз сөйледі.

Толығырақ сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/168275?lang=kk