«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау

2021 жылдың 1-ші наурызында сағат 11.00-де "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының жобасын талқылау бойынша Министрдің орынбасары А. Д. Калайчидидің төрағалығымен "Zoom" платформасында бейнеконференцбайланыс режимінде қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланған.               

Қатысуға өтінімдер, сондай-ақ талқыланатын тақырып бойынша ұсыныстар 2021 жылдың 27 ақпанына дейін e.shulden@mvd.gov.kz электронды мекен-жайына қабылданады.

Бұған дейін, 2020 жылғы қазан айының соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев ІІМ алқасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай заңға сәйкес азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын жариялады.

Толық ақпарат тел. 71-40-51, 8-701-239-33-77

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/events/details/6904?lang=kk