Мүгедектерді әлеуметтік қорғау: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пәтерлерде қосымша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пәтерлерде қосымша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды

Ү. ж. 21 қаңтарда Facebook.com әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/1051813722/posts/10221043643014710/?d=n) Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз және жайлы өмір сүру құқықтарын бұзу фактілеріне қатысты ақпарат жарияланды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй, мүгедек адамдарға (Х.А., Е. С., Р. Х. және т. б.), оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға бөлінген пәтерлер тұрғындардың өздерінің қажеттіліктерін ескерусіз салынғаны хабарланды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы" ММ мүмкіндігі шектеулі топтарға жататын азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін пәтерлерде қосымша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, құрылыс компаниясы өз есебінен қажетті жұмыс түрлерін жүргізуге дайын екендігі атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық