ҰАТ қатысушыларын іріктеу туралы хабарлама

ҰАТ қатысушыларын іріктеу туралы хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!

Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстары бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі - ҰАТ) қатысушыларын іріктеу жарияланады.

ҰАТ - бұл қоғамнан оқшауланған жерлерде адам құқықтарының бұзылу фактілерін анықтауға бағытталған қоғамдық бақылау түрі.

ҰАТ қатысушылары атқарушы мемлекеттік органдардан тәуелсіз, соттардың шешімдері (үкімдері) немесе Мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде азаматтар уақытша болатын мекемелерге мерзімді (әрбір 4 жыл сайын), аралық (анықталған бұзушылықтарды ескере отырып) және арнайы (азаматтардың өтініштері негізінде) барады.

Ерікті түрдегі өтінішке қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);

6) барлық республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, соттылығының жоқтығы туралы оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген анықтама;

7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

9) үй, жұмыс және ұялы телефондарын, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайын көрсете отырып, жеке парақ;

10) электрондық форматта 3 х 4 фотосурет.

Өкілеттіктері тоқтатылған ҰАТ қатысушылары ҰАТ құрамында алдағы мерзімге жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне өтінішпен бірге 5) - 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.

ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІНЕ:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;

2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;

4) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған тұлғалар;

5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар;

7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;

8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;

9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.

ҰАТ қатысушыларын іріктеу Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімімен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады ( http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008892 ).

Құжаттар қолма-қол, пошта арқылы (Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, "Министрліктер Үйі" ғимараты, 15-кіреберіс, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталық мекенжайы бойынша) немесе электрондық пошта арқылы қабылданады ombudsman-kz@mail.ru осы хабарландыру Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз (30) күн ішінде.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Интернет-ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman