Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ғылыми комиссияның кезекті отырысын өткізіп, онда «Қазақстан Республикасындағы шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру институттары» атты ұжымдық монографияның жобасын талқылады.

Отырыс барысында Комиссия мүшелері монография жобасының мазмұны мен негізгі ережелерін, сондай-ақ оны одан әрі дайындауға қатысты мәселелерді талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша жобаның рецензенттері анықталды.

Монография бойынша жұмысты жалғастыру және пысықталған жобаны кезекті отырысқа ұсыну туралы шешім қабылданды.

Қорытындылай келе, Артур Ластаев Ғылыми комиссия мүшелеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерін дамытуға және нығайтуға бағытталған Омбудсмен институтының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми комиссия Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін ғылыми және сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін кеңесші орган болып табылады.