ҰАТ қатысушыларын іріктеу жарияланады

ҰАТ қатысушыларын іріктеу жарияланады

Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі – ҰАТ) қатысушыларын іріктеу жарияланады.

ҰАТ азаптаудың немесе басқа да қатыгездіктің алдын алу миссиясын орындайды. Ол үшін оның қатысушылары қоғамнан оқшаулау және бас бостандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарға, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге алдын ала баруды жүзеге асырады.

ҰАТ қатысушыларының алдын алу баруы былай бөлінеді:

1) мерзімді тұрақты негізде кемінде төрт жылда бір рет өткізілетін;

2) алдыңғы алдын алу бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуын мониторингілеу мақсатында мерзімді алдын ала бару арасындағы кезеңде жүргізілетін аралық сапарлар;

3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнайы алдын ала бару.

ҰАТ қатысушыларының өкілеттік мерзімі – 2 жыл (2027-2028 жылдар).

 

Өтінішке қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

3) білімі туралы дипломның көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан құжаттың көшірмесі;

5) жұмыс орнынан анықтама (болған жағдайда);

6) барлық республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, соттылығының жоқтығы туралы оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген анықтама;

7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

9) үй, жұмыс және ұялы телефондарын, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайын көрсете отырып, жеке парақ;

10) электрондық форматта 3х4 фотосурет.

 

Ұлттық превентивтік тетікке:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;

2) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған тұлғалар;

3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;

4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп таныған тұлғалар;

5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;

6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар, және/немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды;

7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;

8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;

9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.

 

ҰАТ қатысушыларын іріктеу Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031836).

 

Құжаттар бірыңғай қабылдау платформасы арқылы қабылданады және азаматтардың барлық өтініштерін өңдеу (Е-өтінішінде «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың» адресатын таңдау қажет), қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы «Қазпошта» АҚ (Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты,
15-кіреберіс, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталық мекенжайы бойынша) осы хабарландыру Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз (30) күн ішінде.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 2026 жылғы 14 қазанды (қоса алғанда).

 

 

 

 

Өтініш нысан

Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
жанындағы Үйлестіру кеңесі

 

 

Өтініш

 

___________ облысы/қаласы бойынша ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамына енгізу үшін менің кандидатурамды қарауыңызды сұраймын.

Жұмыс орны және лауазымы (болған жағдайда):______________________

Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні.