Артур Ластаев Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Артур Ластаев Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

9 қыркүйекте Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Омбудсмен Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен отырыста Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) және Үйлестіру кеңесінің өзара іс-қимылын жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.

Үйлестіру кеңесінің пен ҰАТ қызметінің тиімділігін, жауапкершілігін және объективтілігін арттыруға ықпал ететін ұлттық және халықаралық стандарттарды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жекелеген мүшелердің мәртебесі мен жұмыспен қамтылуының өзгеруіне, оның ішінде депутаттық қызметке ауысуына байланысты Үйлестіру кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату мәселесі қаралды.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ ҰАТ жұмыс істеу тетіктерін одан әрі жетілдіру шараларын талқылады.

Үйлестіру кеңесі – ҰАТ қатысушылардың қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

ҰАТ азаптаудың немесе өзге де қатыгез қарым-қатынастың алдын алу миссиясын жүзеге асырады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшаулауға және бас бостандығынан айыруға арналған орындарға, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге превентивтік сипаттағы баруларды жүзеге асырады.