ҰАТ қатысушылары жабық мекемелерде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарында қандай бұзушылықтар бар екендігін анықтады?

ҰАТ қатысушылары жабық мекемелерде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарында қандай бұзушылықтар бар екендігін анықтады?

Азаптауларға және қатыгездікке қарсы Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын қоғамдық бақылау институты болып табылады. Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) @undp.kazakhstan қолдауымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі жүзеге асырады.

ҰАТ жұмысына тартылған сарапшылардың міндеті – адамдарды қоғамнан оқшаулау орындарына тұрақты бару және адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторинг жүргізу. Осыған байланысты біз шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың санатына ерекше назар аударғымыз келеді.

Кез келген сотталған (немесе өзге де себептер бойынша қоғамнан оқшауланған) адамдар  сияқты шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды да тегіне, нәсіліне, ұлтына, тұрғылықты жеріне, тіліне, дінге көзқарасына байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшырамауы тиіс.

Қазақстан Республикасында аккредиттелген өзге мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің сотталған шетелдік азаматтармен байланыс жасауға құқығы бар. Ал мұндай құқықтық күші жоқ елдердің азаматтары өздерінің мүдделері мен құқықтарын қорғауды өз мойнына алып, өзге дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарды ынтымақтастыққа тарта алады.

Сонымен қатар, ҰАТ қатысушылары аталған санаттағы азаматтардың белгілі бір құқықтарының бұзылғандығын анықтауды жалғастыруда. Мысалы, осыған байланысты жиі кездесетін мәселелердің бірі – шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін арнайы камералардың болмауы, бірқатар пенитенциарлық мекемелерде орын алды.

Қазақстанның кейбір мекемелерінде сотталғандар шағым бере алмайды, тұрақты қоңыраулар жасай алмайды, бұл психологиялық шиеленісті күшейтеді және сотталған шетелдіктерге қатысты шектен тыс құқықтық шектеу болып табылады.

Ал ҚР облыстарының бірінде АИВ жұқтырған Әзірбайжан азаматы оған АРВ-терапия (аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды қабылдаудан тұратын АИТВ инфекциясын емдеу әдісі) тағайындалмауына байланысты емделудің жоқтығына шағымданды. Қазақстанда АРВ-терапия шетелдіктер үшін заңды түрде қарастырылмаған. ҰАТ қатысушылары атап өткендей, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде АИТВ жұқтырған шетелдіктерді емдеу үшін қолданыстағы заңнамаға арнайы толықтыру енгізу қажет.

ҰАТ қатысушылары қабылдау-тарату орындарына қатысты тағы бір мәселеге назар аудартты. Мекеменің осы түріне орналастыру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, босатылған кезде сотталушыларға қабылдау-бөлу орындарында ұсталғаны туралы құжат беріледі. Бірақ бұл құжат оларға керек орынға жету үшін билеттерді сатып алуға мүмкіндік бермейді.

Бұл ретте, жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру үшін бұл азаматтар құжаттарсыз қандай да бір жолмен туған жерлеріне, тұрақты тұратын жерлеріне немесе Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы елшілікке жетуі қажет. Жол бойында олар ұсталып, қайтадан қабылдау-тарату орындарына орналастырылуы мүмкін.

Тиісінше, ҰАТ қатысушылары бұл азаматтарға қабылдау-тарату орнынан шыққаннан кейін, тіпті сол жерде болған кезде, тиісті құжаттарды қалпына келтіру тетігін құруды ұсынды. Ал шетел азаматтарына жақын жердегі консулдыққа немесе елшілікке бару туралы анықтама-рұқсат беру қажет.

Жабық мекемелерде азаматтардың құқықтарының бұзылуы, азаптаулар және басқа да қатыгез іс-әрекеттер мен жазалау түрлері туралы мәліметтер болған жағдайда, мына телефондарға қоңырау шалуыңызды: 8 (7172) 74-05-46, 8 (7172) 74-05-48, немесе электронды поштаға: ombudsman-kz@mail.ru жазуыңызды сұраймыз.