«Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясы өңірлік құқық қорғау саласындағы үздік тәжірибелерді кеңейтуде

«Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясы өңірлік құқық қорғау саласындағы үздік тәжірибелерді кеңейтуде

Жастардың құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Комиссияның мемлекеттік органдармен бірлесіп, 108 мыңнан астам адамды қамтыған 241 құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізгені атап өтілді.

«ТМД-дағы денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында 21 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында 31 дәріс оқылды және 80 тақырыптық флешмоб өткізілді.

Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі пилоттық жоба аясында Комиссия құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 30-дан астам өтінішті қарап, полиция органдарымен бірлесіп 55 профилактикалық іс-шара өткізіп, білім беру органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде киберқауіпсіздік мәселелері бойынша 50 мыңға жуық пайдаланушыны қамтитын қоғамдық байланыс арнасын құрды.

Комиссия мүшелері жастардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік өңірлік тәжірибелерді еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылдады.