Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында жастардың құқықтарын іс жүзінде қорғауды күшейтуге, құқықтық ағартуды дамытуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған Комиссияның 2026–2027 жылдарға арналған қызмет тұжырымдамасы мен 2026 жылға арналған жаңартылған жұмыс жоспары талқыланды.

Қатысушылар сондай-ақ Комиссияның 2026 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындыларын және жекелеген өңірлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстың оң тәжірибесін қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған табысты жобаларды кеңінен тарату жөніндегі ұсыныстар қолдау тапты.