Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев 2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша құқық қорғау институты жұмысының қорытындыларына арналған отырысты өткізді.
Азаматтардың өтініштерін қарау Омбудсмен мен оның өңірлік өкілдерінің қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Осылайша, есепті кезеңдегі өтініштердің жалпы саны 2025 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 11,6%-ға артып, 4 891-ді құрады.
Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша 47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 6 қылмыстық іс тіркелді. Уәкілетті органдарға 125 ұсыным жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлік өкілдерінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мандат аясындағы мекемелер мен ұйымдарға бару.
Есепті кезеңде мұндай 3 240 бару жүзеге асырылды, оның ішінде Омбудсмен – 13, ал оның өкілдері – 3 227.
Бару қорытындылары бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 127 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік жауапкершілікке – 36. Барлығы 5 882 ұсыным жолданды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдерінің қызметінің ажырамас бөлігі заматтарды қабылдау болып табылады, онда өтініш берушілер кездесу барысында істің мән-жайын өздері баяндауға мүмкіндік алады.
Есепті кезеңде Омбудсмен 162 жеке қабылдау өткізді, оның өкілдері 1,3 мың адамды қабылдады, ал Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері – 48 адамды қабылдады.
Азаматтардың медициналық көмек алу құқығының сақталуы мәселелері бойынша зерттеу жүргізілді, азаптауға қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама дайындалды, әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған ғылыми монография жарық көрді.
Отырыс аясында сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігін арттыру және жергілікті жерлердегі бұзушылықтарға жедел ден қою жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Омбудсмен адам құқықтарына қатысты жаңа Конституция ережелерінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге назар аударды.
Қорытындысы бойынша Артур Ластаев өтініштерді қарау сапасын арттыруды, мандат аясындағы мекемелерге бару ауқымын кеңейтуді, құқықтық ағартушылық бағытындағы жұмысты жандандыруды, сондай-ақ енгізілетін ұсынымдар бойынша жұмысты жақсартуды тапсырды.