Омбудсмен кеңсесі мен Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Омбудсмен кеңсесі мен Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің бас директоры Марат Башимовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын ілгерілету, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, заңнаманы жетілдіру, құқықтық ағартушылық пен заң білімін дамыту салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Артур Ластаев пен Марат Башимов тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, тиісті меморандумға қол қойды.