Қарағанды облысында Омбудсменнің өкілі тағайындалды

Қарағанды облысында Омбудсменнің өкілі тағайындалды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі болып Қайрат Бейсенбеков тағайындалды.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін,  Шымкент университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың құрылымында 2023 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Тағайындалғанға дейін Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.