Артур Ластаев Қырғызстандағы колонияда Қазақстан азаматтарына барды

Артур Ластаев Қырғызстандағы колонияда Қазақстан азаматтарына барды

Қырғызстанға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Жазаларды орындау мемлекеттік қызметінің № 27 түзету колониясына барды.

Сапар барысында Омбудсмен аталған түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Қазақстан Республикасының 8 азаматының жағдайымен танысып, олармен кездесті және олардың ұсталуы жағдайларын қарап шықты. Уәкіл өтініштерді тыңдап, құқықтық рәсімдердің егжей-тегжейін нақтылады және мекеме әкімшілігінің өкілдерімен шетел азаматтарының құқықтарының сақталуына қатысты мәселелерді, соның ішінде медициналық көмекке қолжетімділікті, тамақтануды және тұру жағдайларын талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша Омбудсмен сотталғандармен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық стандарттардың сақталуының және ел аумағынан тыс жерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарының қамтамасыз етілуінің маңыздылығын атап өтті.

№ 27 түзету мекемесі 1978 жылы салынған. Қазіргі уақытта онда шамамен 700 сотталған адам ұсталады.