Артур Ластаев ресейлік омбудсменімен кездесу өткізді

Артур Ластаев ресейлік омбудсменімен кездесу өткізді

Қырғызстанға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Яна Лантратовамен кездесу өткізді.

Кездесу басында Артур Ластаев ресейлік әріптесін жақында лауазымға тағайындалуымен құттықтап, табысты қызмет тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдегі адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ұлттық құқық қорғау институттарының алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлерді талқылады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатында ашық диалогты сақтаудың және тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша омбудсмендер әріптестік қатынастардың одан әрі нығаятынына сенім білдіріп, сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға және бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.