Артур Ластаев Жогорку Кенеш Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті

Артур Ластаев Жогорку Кенеш Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің бірінші консультативтік кездесуі аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ШЫҰ елдерінің омбудсмендерімен және құқық қорғау институттарының өкілдерімен бірге Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті.

Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтудағы ұлттық құқық қорғау мекемелерінің рөлі, сондай-ақ заң шығарушы органдармен өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесуге қатысушылар заңнаманы жетілдіруге және адам құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған парламенттер мен ұлттық құқық қорғау институттары арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар диалогты жалғастыруға және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау институттары мен мемлекеттік органдары арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.