Қазақстан мен Қырғызстанның омбудсмендері азаматтардың құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін іске асыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қырғызстанның омбудсмендері азаматтардың құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін іске асыру мәселелерін талқылады

Қырғызстанға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қырғыз Республикасының Ақыйкатчысы (Омбудсмені) Джамиля Джаманбаевамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында омбудсмендер адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қырғызстандағы адам құқықтарының сақталу саласындағы қазіргі жағдайға, азаматтардың құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жетілдіру шараларына ерекше назар аударылды.

Кездесудің қорытынды кезеңі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қырғыз Республикасының Ақыйкатчысының (Омбудсменінің) арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою болды.

Құжат адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға бағытталған. Онда өзара іс-қимылды іске асырудың ақпарат алмасу, өтініштерді қарау, азаматтарды бірлесіп қабылдау өткізу, семинарлар, тренингтер және т.б. сияқты тетіктері көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша Артур Ластаев пен Джамиля Джаманбаева адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты дамытуға дайын екендіктерін растады.