
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлау департаменті басшысының орынбасары Улви Ахундлумен және аталған департаменттің сайлау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұлттық құқық қорғау институтының қызмет нәтижелері, соның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ілгерілету жөніндегі негізгі бағыттар, азаматтардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелері таныстырылды.
Әсіресе заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Динара Таженова реформалар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің ұлттық тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін қосымша жағдайлар жасайтынын атап өтті.