Құқық қорғау институтының басшысы бизнес және адам құқықтары мәселелеріне арналған іс-шараға қатысты

Құқық қорғау институтының басшысы бизнес және адам құқықтары мәселелеріне арналған іс-шараға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова бизнесті жауапты жүргізу және корпоративтік ортада адам құқықтарын сақтау арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселелеріне арналған конференцияға қатысты.

Өз сөзінде Омбудсмен кеңсесінің басшысы Қазақстанның әлемдік экономикадағы позициясын дәйекті түрде нығайтып, сауда байланыстарын кеңейтіп, инвестициялар тартып және халықаралық өндірістік тізбектерге интеграцияланып жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты халықаралық деңгейде мойындалған стандарттарды сақтау адам құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі ғана емес, сонымен қатар отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы болып табылады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар арасында аталған тақырып бойынша пікір алмасу және ашық диалог өтті.